31.08.2022



ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт "USTAZ QURULTAY 2022" атты заманауи форматтағы педагогтарға арналған алғашқы конференцияға қатысты. Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның түрлі қалаларынан 300-ге жуық мұғалім мен мектеп директорлары қатысты.

 

Конференцияда жаңа ұрпақ педагогының міндеттері мен ресурстары жөнінде сенатор Дана Нұржігіт те өз көзқарасымен бөлісті. Атап айтқанда, депутат білім беру тәсілдерін өзектендіру қажеттігі туралы айтты.

 

Сенатор сондай-ақ білім беру саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы, атап айтқанда ақпараттық қауіпсіздік және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы айтты. Дана Нұржігіт барлық әлеуметтік маңызы бар заң жобаларын талқылауға педагогтардың белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.



Дереккөз: https://senate.parlam.kz/

Отправить заявку