26.04.2022

   


Алматыда "Тәлімгерлер: балалар үйіндегі балалармен достықтың шынайы оқиғалары" атты кітап таныстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Дара" қайырымдылық қорының "Тәлімгерлер" қазақстандық жобасының кітабы енді қазақ тіліндегі оқырмандар үшін онлайн нұсқада және орыс тіліндегі аудио тыңдау форматында қолжетімді.

 


"Тәлімгерлер" жобасының негізгі идеясы - балалар үйіндегі балаларға арнайы оқудан өткен ерікті тәлімгерлермен қарым-қатынас жасау арқылы тәуелсіз өмірге дайындалуға көмектесу. Тәлімгер - білімін, сондай-ақ тәжірибесін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімге бере алатын, осыған өз уақытын арнағысы келетін ересек адам.


Кітапта жоба мамандары командасының 7 жылдан астам жұмыс тәжірибесі және жобаға қатысушылардың 40-тан астам жеке тәжірибесі жинақталған, әрбір оқиға тәлімгерлердің балаларға жол табуға арнайы кілттерді қалай іздейтіні, оларға сенуге, дос болуға және жақсылыққа сенуге үйрететіні, мақсаттарға жетуге көмектесетіні және балалар үйінің қабырғаларынан тыс өмірге дайындалатыны көрсетілген. Әсерлі әңгімелерден басқа, оқырман жасөспірімдермен өзара әрекеттесу тақырыбында жоба психологтарынан пайдалы ұсыныстар мен маңызды жауаптар ала алады.

 


"Тәлімгерлер: балалар үйіндегі балалармен достықтың шынайы оқиғалары" кітабы үш бөлімнен тұрады. Онда балалар үйлеріндегі балалардың Нұрсұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы тәлімгерлермен достығының шынайы тарихы ұсынылған. Кітапқа материал дайындауға жобаның психологтары - Дана Серікова, Ләйлә Назарова және Лариса Сидорова Алуа Барманқұлова мен Ғалия Мақұлжанның жалпы редакциясымен көмек көрсетті.


"Дара" ЖҚ жобалары мен бағдарламаларының директоры, "Тәлімгерлер" жобасының жетекшісі Айнұр Аймурзина құрастырушы болып табылады. Аудиокітапты дыбыстауға "Дара" қорының достары мен серіктестері, сондай-ақ Алматыдағы New Generation School жеке мектебінің оқушылары қатысты.


25 жастан асқан, жобамен ұйымдастырылған іріктеуден және оқытудан өткен кез келген қазақстандық тәлімгер бола алады. Жобаға қатысудың ең аз уақыты – 2 жыл, ең дұрысы – өмір бойына достық. Қарым-қатынас арқылы тәлімгерлер өздерінің қол астындағы білім алушыларға тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды үйренуге, қоғамға бейімделуге көмектеседі. Ересек достар бере алатын ең құнды нәрсе – уақыт, жеке көңіл және жасөспірімнің дамуына қызығушылық.


Тәлімгер Карина жобада екі жыл болды. Оның қамқоршысы-17 жастағы Вагиб. Ол бірінші кезде екеуі де ұялшақ және жасқаншақ болғанын, бірақ уақыт өте келе, әр кездесуден кейін бір-біріне жақындағанын атап өтті. 


"Маған тәлімгер болу өте ұнады. Мұнда мен өзімді, сезімдерімді және қорқыныштарымды түсіне алдым. Менің ойымша, жоба балаларға ғана емес, ересектерге де өз-өзін түсінуге көмектеседі. Екеуміз де өзгердік. Мен оның бойында мейірімділік пен ішкі күштің қалай үйлесетініне таң қаламын. Сыртқы жағынан ол ұялшақ. Бірақ мен оны неғұрлым көп таныған сайын, мінездің, рухтың күші - ер азаматтарға тән қасиеттер соғұрлым айқын көрінеді. Ол дәл қазір не қалайтынын анық біледі. Ол әрқашан өскенде адамдарға көмектесетінін айтады", - деді Карина
.


Вагибтің өзі Каринамен кездескеннен кейін өзгеріп, көпшіл және өзіне сенімді болғанын айтты.


"Ол менің пікіріме, тілектеріме қызығушылық танытады, қайда барғым келетінін сұрайды, не істейтінімізді таңдауға мүмкіндік береді. Біз киноға, тауға барамыз, Медеуде коньки тебеміз. Біз оның отбасымен уақыт өткіземіз", - деді жігіт
.


Кітаптың қағаз нұсқасын Қазақстан бойынша "Меломан" дүкендер желісінен сатып алуға болады. Кітаптардың орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық нұсқаларын "ЛитРес" электронды кітаптарының ірі платформасынан және Fundaraising.kz сайтынан сатып алуға болады
.
 
"Тәлімгерлер" жобасын 2015 жылдан бастап "Дара" қайырымдылық қоры үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте іске асыруда. Бүгінде жоба Қазақстанның 13 қаласында жұмыс істейді: Атырау, Алматы, Нұрсұлтан, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Орал, Ақтау, Шымкент, Семей, Қостанай, Қызылорда және Өскемен. Жоба ерікті тәлімгерлерге, сондай-ақ балаларға тұрақты оқыту мен психологиялық қолдау көрсетеді. Жоба тегін және іріктеу мен оқыту үдерісінен өтуге дайын кез келген адам үшін ашық.


"Дара" қайырымдылық жеке қоры ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың және балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда инклюзияны дамытуға бағытталған жобаларды іске асырады
.


Дереккөз:tengrinews.kz



Отправить заявку