11.04.2019

Алматыда, қаланың орталық стадионында 13 сәуірде "Күлгін күн" - бүкіл әлемде эпилепсия туралы ақпарат тарату күніне орайластырылған "Жарқын миль NGS" қайырымдылық жарысы өтеді. 


Қазақстанға "Күлгін күн" салыстырмалы түрде жақында келді және биыл алғаш рет бұл күнді балалардың қатысуымен өтетін үлкен спорттық іс-шарамен атап өту туралы шешім қабылданды.

 
Қазақстандағы алғашқы эпилепсиямен ауыратын адамдарды қолдау қоры болып табылатын "Кең Жүрек" қоғамдық қоры New Generation School-мен бірлесіп "RBK Bank" бас демеушісінің қаржылай қолдауымен "Жарқын миль NGS" қайырымдылық жарысын ұйымдастырды. 


Іс-шараны Алматы орталық стадионы, "Rotary International" халықаралық гуманитарлық ұйымы, "Эпилепсияға қарсы Қазақстан Лигасы" және "Агуша" бренді де қолдады.


"New Generation School - NGS" Жаңа Ұрпақ Мектебінің 500-ден астам оқушысы және олардың ата-аналары осы күні іс-шараға қатысады, ал барлық тіркеу жарналары "Кең Жүрек"қорының қайырымдылық қызметіне бағытталады. 


Күлгін күннің пайда болу тарихы 2008 жылы эпилепсиямен ауыратын шотландиялық қыз Кессиди Меган бұл күні осы диагнозы бар барлық адамдарға қолдау көрсетуге шақырған кезде басталады. Оның бастамасын Жаңа Шотландия эпилепсия қауымдастығы қолдады және бір жылдан кейін бүкіл Еуропа бойынша жүз мыңнан астам студент акцияға қосылды. Содан бері жыл сайын 26 наурыздан бастап бүкіл әлемде "Күлгін күнге" арналған түрлі іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары өткізіліп келеді.


Юлия НИКОЛАЕВА 


Дереккөз: Вечерний Алматы

 



Отправить заявку