Өткен аптада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мұғалімдердің екі делегациясы NGS Жаңа Ұрпақ Мектебіне барды. Ашықтық қағидатын ұстана отырып, қазақстандық оқытушылармен тәжірибемізді қалай бөліскеніміз туралы айтамыз.
3 қарашада NGS қабырғасында Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген информатика мұғалімдерімен кездесу өтті. Педагогтар Алматыға білім беру мақсатымен келді. Бір апта бойы 1-7 қараша аралығында олар "StudyCS" коммерциялық емес ұйымының бастамасымен оқыту бағдарламасына қатысты. Біз өз тарапымыздан информатика мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың апталық тренингін қолдап, оны серіктесіміз QStem-IT-нің "STEAM білімі дегеніміз не? Құрал ма, жүйе? ме» атты дәрісімен толықтырдық. Арнайы қонақтарымыз үшін біз заманауи инфрақұрылымдық және техникалық шешімдерді көрсете отырып, мектеп бойынша таныстыру экскурсиясын өткіздік. Біздің оқу бөлмелеріміз, соның ішінде информатика кабинеттері, AppleClassroom қалай жабдықталғанын көрсеттік.
Ал 4 қарашада Орал қаласы мектептерінің директорлар алқасы біліктілікті арттыру және академиялық байланыстарды жолға қою мақсатында NGS-ке достық сапармен келді. NGSolutions бас директоры Ольга Юрьевна Пак әріптестеріне білім беру мекемесінде бірегей менеджмент жүйесі қалай құрылғаны, мектептің жұмысын ұйымдастыруда басқарушы компанияға қандай функцияларды беру тиімдірек және осындай тәсілдің көмегімен қысқа мерзімде қандай нәтижелерге қол жеткізуге болатындығы туралы айтып берді. Біз өткізген Презентация: "NGS – білім беру жүйесін түрлендіруге әкелетін бенчмарк".
Біз өзіміздің құрылымдалған тәжірибеміз біздің қонақтарымыз үшін пайдалы білімге айналғанына қуаныштымыз және оның орта білім беру жүйесіне, мұғалімдер мен мектеп басшыларының алдында тұрған проблемаларға ерекше назар аударуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Біздің білім беру концептіміз әріптестерімізге олардың оқушылармен жұмысында қолданылатын жаңа идеялармен үн қатуы әбден мүмкін, ал біз NGS-те қолданатын шешімдер Қазақстанның түрлі өңірлерінде сәтті бейімделетін болады.