Біздің оқушыларымыздың мектеп өмірі ішкі жағынан қалай көрінеді? Олардың сабақтары қалай өтеді және олар үзілістерде не істейді? Біз жұмыс күндеріміздің көрсетіп, бірлесіп NGS виртуалды турын өткізуді ұсынамыз.
NGS мектебіндегі жұмыс күні алғашқы сабақ басталардан анағұрлым ерте басталады. Бірінші болып клининг және асхана қызметкерлері жұмысқа кіріседі.
Қауіпсіздік қызметі осылай әр оқушыны қарсы алады. Бұл автомобиль ағынын жеделдету үшін жасалады. Ата-аналарға баланы мектепке апарудың қажеті жоқ.
Мектепке кіре берісте заманауи Clockster өткізу жүйесі орнатылған. Бұл оқушылар мен қызметкерлердің деректерімен біріктірілген жылу түсіргіш функциясы бар биометриялық кедергі. Бөтен адамдардың мектепке кіруі шектеулі.
Сабақ басталар алдында балаларды үйлестірілген таңғы ас күтеді. Оны дайындауда диетологтардың ұсыныстары қолданылады, өсіп келе жатқан баланың денесі үшін тағамның пайдасы мен құндылығы ескеріледі.
Таңғы астан кейін балалар сыныптарға бөлінеді. Бастауыш мектеп кіші бөлім корпусында оқиды, орта және жоғары сынып оқушылары бейіндік пәндер кабинеттік жүйесінің үй-жайларында орналасады.
0-сыныптарда ағылшын тілі сабағы өтеді.
Ағылшын тілі мұғалімі Болтаева Мөлдір, балалар үшін жай ғана "Мисс Молли", Сүлеймен Демирел атындағы университет түлегі, Томск мемлекеттік педагогикалық университетінің магистранты, ағылшын және қытай тілдерінің мұғалімі, балалар психологы.
"Мен балаларға ағылшын тілін 9 жылдан бері үйретіп келемін. Менің сабақтарымда балаларға қызықты және көңілді болуы үшін сабақтарды ойын түрінде өткіземін: ән айтамыз, қолөнер бұйымдарын жасаймыз, ойын және активити түрінде ауызекі тілді үйренеміз".
2-сыныптарда қазақ тілі сабағы өтеді. NGS-те орыс, қазақ тілдері және математика оқушының параллельдегі үлгерім деңгейі бойынша сараланады
Қазақ тілін тереңдетілген топта педагог Аманбай Кадыр оқытады.
«Мектепте біраз жылдан бері қазақ тілін үйретемін. Балаларды сабақ барысында ойындар арқылы,
сұрақтар беріп, билету арқылы қызықтырамын».
Үзілістерде балалар таза ауада уақыт өткізуді жақсы көреді. Дене белсенділігі – бұл жаттығулар арасында демалудың ең жақсы тәсілі. Біз балалардың бос уақытында ойнауға, жинақталған энергияны тастауға және құрдастарымен сөйлесуге деген ұмтылысын қолдаймыз.
Қазір мектепте қазақ тілі апталығы өтуде. Негізгі мақсаты пәнді стандартты емес сабақтар арқылы зерделеу және патриоттық сананы тәрбиелеу.
Мектепте белсенді өмір қызу жүріп жатқанда, ҚҚ (қауіпсіздік қызметі) барлық жерлерді мұқият бақылайды. Бейнебақылау желісі барлық мектеп ғимараттарын қамтиды. Мониторлардан жазбалар шынайы уақытта ғана жүргізілмейді, сонымен қатар жеке серверде мұрағатқа сақталады.
8-сыныпта физика сабағы өтуде.
Иванов Станислав, "Физика мұғалімі" мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы СМУ түлегі. 7 жылдан астам орта және жоғары параллельде физика мен математикадан сабақ береді.
"Ұзақ уақыт бойы мен білім беру орталықтарында жұмыс істедім, сол жерден өзім үшін көптеген стандартты емес, ойын оқыту әдістерін үйрендім. Физика біздің айналамызды қоршайды, сондықтан мен сабақтарда күнделікті өмірмен байланысты белсенді қолданамын. Менің оқушыларым күн сайын байқайтын құбылыстар тақырып пен пәннің мәнін жақсы түсінуге көмектеседі".
6-сыныпта Қазақстан тарихы сабағы жүріп жатыр.
Рамазанова Райхан Сақыбайқызы мектеп ашылған күннен бастап NGS тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
"Тарих" пәні қарапайым болып көрінгенімен, ондай емес. Бұл - адамзат пен өз елінің тарихи оқиғалары ғана емес, сонымен қатар Отанға деген сүйіспеншілік, талдау, көкжиегін кеңейту және тарихи тізбектерді құру мүмкіндігі. Сабақта Мен CLIL, жобалық жұмыстар, көріністер және тағы басқалар сияқты әдістерді қолданамын.
Жаңа ұрпақ оқушыларын оқытудың ерекшеліктері қызықты. Себебі олардың қызығушылығы сөнбеу үшін қазіргі уақытпен параллель жүргізіп, кез-келген тарихи оқиғалардың салдары мен себептерін көрсетіп, әрқашан бәрін қадағалап отыру керек".
Дене белсенділігі мен жүзу сабақтары да өте қызықты. Оқушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін дене шынықтыру залы сапалы еден жабынымен және спорттық жабдықтармен жабдықталған. Бассейнде күн сайын суды тазарту және санитарлық бақылау жүргізіледі.
Мектептегі элективті пәндер 0-сыныптан бастап оқытылады. Бұған бізге қаладағы ең жақсы мамандандырылған мектептер көмектеседі. Шахмат және робототехника негізгі білім беру бағдарламасына кіреді.
Coworking аймағына барайық. Мұнда кураторлар мен сынып жетекшілерінің кафедралары өздерінің күнделікті жоспарларын өткізеді. Олардың жұмысы - ең қызу жұмыс.
Самал Болатқызы, директордың мансаптық бағдар жөніндегі орынбасары, жоғары сынып оқушыларымен бетпе-бет сессиялар өткізеді. МБ бөлімі оқушыларға мамандық таңдау және қалаған жоғары оқу орындарына түсуге көмектеседі. Ол үшін білім беру жобалары, жеке консультациялар және құжаттарды дайындауға көмек тұрақты негізде жұмыс істейді.
Түскі үзіліс - күндізгі уақытта оқуды жемісті жалғастыру үшін тамақтану және қуат жинау уақыты.
NGS-те мектеп күнінің бірінші жартысы осыншалық жылдам және қызықты өтеді. Келесі шығарылымдарда біз міндетті түрде оның екінші бөлігінің қалай өтетінін және біздің балалар қосымша білім беру аясында не істейтінін айтамыз.