preloader
Жаңа Ұрпақ Мектебі NGS
Білім министрлігінің мемлекеттік лицензиясына
сәйкес әрекет ететін
Алматы қ., Ерменсай ықшам ауданы, Жәңгір хан көшесі, ғимарат 4 +7 (708) 704 55 44

«ИКС-тен» «ЗЕТ-ке» дейінгі ұрпақтар теориясы

Ұрпақтар қақтығысы – өміршең тақырып, бірақ бүгінде болып көрмегендей танымал. Бұқаралық ақпарат құралдары Икстер, бэби-бумерлер, Z-gen i-Ұрпақ деген жаңа терминдерге толы. Әлеуметтік желілерде Миллениалдар мен Хоумлендерлер психологиясының ерекшеліктері қызу талқылануда. NGS мектебінің қызметкерлері - біздің өзіміз ата-аналарды қоса алғанда, білім берудің жаңа тәсілі туралы айтқан кезде көбінесе ұрпақтар теориясын негізге аламыз.

Теория поколений

Бұл қандай теория және ол ата-аналар мен мұғалімдерге несімен пайдалы

Ұрпақтар теориясын американдық тарихшылар Уильям Штраус және Нил Хоув әзірледі. Олардың 1991 жылғы «Ұрпақтар» атты алғашқы кітабы ұрпақтар сабақтастығында АҚШ тарихын сипаттады. Кейінірек авторлар ұрпақтар ауысымында заңдылықты байқады және Штаттардан шалғай жерлерде кеңінен танымал болған жаһандық теорияны ұсынды.

Бұл теорияға сәйкес, біздің тарихымызда айналымдар қайталанады, олардың әрқайсысы төрт ұрпақ архетиптерінен тұрады. «Ұрпақ» деп не түсініледі? Бұл ұзақтығы шамамен 22 жыл уақыт аралығында туған адамдар тобы. Бір буын өкілдерінің бірдей жас кезеңінде белгілі бір тарихи оқиғаларды бастан өткізуіне байланысты, американдық ғалымдар талдап, тұжырымдағандай оларда ұқсас наным-сенім және мінез-құлық сипаттамалары қалыптасады.

Штраус-Хоув теориясы қарапайым, түсінікті түрде жүреді және қалың бұқара тобының мінез-құлқын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. HR-мамандары жалгерлік жөніндегі стратегияны соған негіздейді. Маркетологтар ұрпақ сипаттамаларын пайдалана отырып, жарнамалық науқандар жасайды. Ата-аналарға және балаларға, мұғалімдерге және оқушыларға әртүрлі буын өкілдері ретінде қалай тіл табысу керектігі туралы көптеген ғылыми мақалалар жазылды. Бірақ осы теориядан сабақ алудың алдында, барлығын рет-ретімен талдап көрейік.

Ұрпақтар не қалыптастырады

Штраус пен Хоувтың идеясының мәні тарихи оқиғалар мен ұрпақтардың мінез-құлық үлгілері арасында тікелей байланыстың бар екендігінде. Соғыстар, төңкерістер, экономикалық дағдарыстар, індеттер немесе, керісінше, ғылыми жаңалықтар және гүлдену кезеңдері балалық және жастық шақтағы ұрпақтарды қалыптастырады. Есейе келе, бұл адамдар тарих қозғалтқыштарына айналады, ал жасы ұлғайған шақта өз ұрпақтарына жол береді.

Осы теория шеңберінде өркениет тарихы бір-бірін алмастыратын дағдарыстар мен жанданулар кезегінен тұрады. Айналым шамамен 80 жылға созылады – бұл шамамен бір адамның өмірі. Әртүрлі жаста әрбір адам ұрпақтар теориясы бойынша жыл мезгілдерімен салыстырылатын келесі кезеңдерге тап болады: Қыс (дағдарыс) – Көктем (гүлдену) – Жаз (тұрақтылық) – Күз (солғындық). Дағдарыстар кезінде адамдар қауіпке қарсы тұру үшін қоғамда қатаң тәртіп орнатуға ұмтылады. Жандану кезінде қатаң шектеулерді жойып, жаңа рухани құндылықтарды жариялауға тырысатын индивидуализм бірінші орынға шығады.

Ұрпақтардың түрлері қандай

Ұрпақ архетипі адамның жеке тұлғасының қалыптасу сәтінде қоғамның қандай сатыда болғанына байланысты. Бұл түрлердің барлығы 4.

Пайғамбарлар жандану (Көктем) кезеңінде дүниеге келеді. Олар оптимистік бағытты ұстанады және жарқын болашақ қалыптастыруды мақсат етіп қояды. Тұрақтылық (Жаз) кезеңінде туған олардың балалары – бұл тұтыну мәдениетіне қарсы наразылық білдіретін және жаңа мұраттар іздеуші жиһанкездер. Келесі буын – батырлар, қолда бар құндылықтарды қорғайтын батыл және белсенді күрескерлер. Олар қоғамның солғындық (Күз) кезеңінде туады. Батырлардың орнына суреткерлер келеді. Олар дағдарыс кезінде туады, сондықтан оларға икемді болуға және қолданыстағы жүйеге бейімделуге тура келеді.

Икстер, Игректер және Зеттер деген кімдер

Басқаша айтқанда, бұл біз және біздің балаларымыз. Бұл буындардың ата-аналар және NGS педагогтары үшін қандай қызықты ерекшеліктері бар? Талқылайық!

X ұрпағы (1961-1981) – жиһанкездер. Басқа атаулары: Иксерлер, 13-ұрпақ, Белгісіз ұрпақ. Бұл интернетке дейінгі дәуірдің тірі куәгерлері:) Олардың балалық шағы Кеңес одағы тұсында өтті, ал қырғи-қабақ соғыс кезеңі, Ауғанстандағы соғыс бұл адамдарды индивидуалистерге және реакционерлерге айналдырды.

Негізгі ерекшелік белгісі – дербестік. Оларды «мойнына кілт таққан балалар» деп атаған: өздері үйге келіп, өздері тамақ әзірлеген, өздері серуенге шыққан. Бұл балаларға ата-ана көңілі мен қамқорлығы аз бұйырды, есесіне көптеген сыйлықтар алды. Сондықтан, өсе келе, олар ерте есейіп, бұқаралық тұтынушыларға айналды.

Оларға тән сипаттамалар: сауаттылық, жаһандық хабардарлық, жоғары IQ, тек өзіне үміт арту, прагматизм, сындарды жағдайларда өмір сүру қабілеті, құлшыныс, қажырлы еңбек сүйгіштік және сарқылмас төзім қоры.

Y ұрпағы (1982-2004) – батырлар. Басқа атаулары: Миллениалдар, «некст» ұрпағы, «желілік» ұрпақ, жаңғырық-бумерлер. Оларды балалық шағында кездестірдік, Чернобыль апатын, КСРО-ның ыдырауын, лаңкестік әрекеттер мен қарулы қақтығыстарды, дефолтты көрді – бұл, бір қызығы, оларды оптимист, көпшіл, жауапты және сенімді етуге ықпал етті.

Миллениалдарға ақпараттық технологияларды дамуы және жаппай ақпаратқа қолжетімділік, оның ішінде музыка, фильмдер мен кітаптар, сондай-ақ дүниенің кез келген бұрышынан келген адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі ерекше әсер етті. Олардың ерекше белгісі – өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу. Жұмыста және оқуда Y ұрпағының өкілдеріне икемді жұмыс кестесі мен креативтілік маңызды болды.

Z ұрпағы (2005 - …) – суреткерлер. Басқа атаулары: ЯЯЯ буыны, Net Generation, i-Ұрпақ, Generation M («көп міндеттілік» сөзінен шыққан), Үйден шықпайтындар, Жаңа тұйық ұрпақ, Инноваторлар ұрпағы. Бұл буынға ықпал еткен оқиғалар: әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс, Веб 2.0 және мобильді технологиялардың дамуы.

Z ұрпағының принципті қасиеті – оның қанында бар технологиялар. Бұл тарихтың негізгі термині – Digital Natives. Сандық әлемде олардың «өздері жергілікті». Z ұрпағы чаттарда, форумдарда, комьюнитиде дамиды. Олар бір қарағанда бірге сияқты, бірақ әрқайсысы өзінің гаджетінен, үйінен шықпайды. Олар үшін отбасы — жер бетіндегі ең қауіпсіз орын.

Бұл балаларға жоғары әлеуметтік белсенділік және үнемі ақпаратпен алмасу қажеттілігі тән. Олар пайымдауы жағынан тәуелсіз және қатаң ережелерді ұнатпайды. Z ұрпағы ойын баласындай өмір сүреді және тең қарым-қатынасты артық санап, беделділерді мойындамайды.

Болашақтың білімі

Жақында мұғалімдер индивидуализм мен дербестікті бағалайтын Х ұрпағының оқушылармен жұмыс жасаған болатын. Олар оқытудың пассивті әдісін, өзіндік жұмысты оңай түсінді, бұл белгілі бір дәрежеде білім беру әдіснамасына ықпал етті. Оқушылардың жаңа ұрпағы өзгерістерді және жаңа интерактивті оқыту нысандарын қажетсінеді.

Y және Z өкілдерінің техникалық жаңалықтарды пайдалануға бейімділігін ескере отырып, оқу процесіне оқытудың ұжымдық нысандарын және инновациялық жабдықтарды енгізу орынды. Сондай-ақ, бұл жаңа оқушылардың мұғалімдерді көшбасшы емес, әріптес ретінде қабылдайтындығы маңызды. Сондықтан, NGS оқыту процесіне біз дөңгелек үстел (пікірсайыс), брейншторм, шеберлік сыныбы, case-study және мультимедиалық таныстырылымдар сияқты нысандарды енгіздік. «Белсенді» оқыту ұдайы жаңалықтарды енгізуге, пәнге оқушының назарын аударуға және жаңа дағдыларды тиімді меңгеруге мүмкіндік береді, ал жаңа технологиялар материалды неғұрлым айқын етуге жол ашады және есте сақтауды жеңілдетеді.

Ұрпақтар теориясына сенім артуға бола ма

Адамдарды сыныптаудың кез-келген мүмкіндігі тартымды. Кімнің тіпті дүниеге келу жылы емес, онжылдығын мөлшерлеп, адамның мінезін «оқып шыққысы» келмейді? Алайда, ұрпақтар теориясы туыстар мен жақындарды жақсы түсінуге көмектессе де, тарих, қоғам және жеке тұлғаның қарым-қатынастарына тек қана оңайлатылған көзқарас болып табылады. Кез-келген баланың (тіпті ата-ананың) – бұл, ең алдымен, жеке тұлға екенін есте сақтау керек. Және бұл теория емес, біздің аксиомамыз.

Бұрын осы тақырып бойынша