preloader
Жаңа Ұрпақ Мектебі NGS
Білім министрлігінің мемлекеттік лицензиясына
сәйкес әрекет ететін
Алматы қ., Ерменсай ықшам ауданы, Жәңгір хан көшесі, ғимарат 4 +7 (708) 704 55 44

Z балалары: инновациялар және идеялар ұрпағы

Сіздің балаларыңыз – бұл барлық алдыңғылардан ерекшеленетін жаңа ұрпақ. «Зеттер» ақпаратты лезде меңгере қояды, сандық әлемде оңай бейімделеді және таңғаларлық инноваторлық қабілеттерін танытады. Бүгін олар жай ғана балалар, бірақ ертең біздің әлемді өзгертушілерге айналады. Олар неге «МенМенМен ұрпағы» деп аталады, «қолына тінтуір ұстап» дүниеге келгендердан не күту керек және адамзаттың эволюциясында ата-аналар қандай рөл атқарады?

Digitalnatives

Егер «икстердің» мойындағы кілт – бұл өз бетінше және ерте есеюдің нышаны болса, ал «зеттердің» мектеп сөмкесіндегі планшет – бұл жаһандану мен технологиялар дамуының нәтижесі. 2003 жылдан кейін туған балалар жөргегінен сандық әлемді меңгере бастады, ал кейбіреулері алғаш рет көздерін ашқан сәттен әлеуметтік желілерде пайда болды. Әлеуметтанушылардың ділмарлықпен атағанындай, iGeneration сымды телефондар әлемін білмейді және интуитивті деңгейде гаджеттердің жілігін шағып, майын ішеді.

Олардың айналасындағы ақпараттық өріс әрбір шерткен сайын өзгереді, тек бір тақырыптан екіншісіне ауысып үлгерсеңіз болғаны. Әрине, мұнда мамандар кемшіліктер жайын да сөз қылады. «Клиптік ойлау» (ақпаратты азғантай бөліктермен қабылдау мүмкіндігі) және назарды 8 секундтан аспайтын уақытқа ұстай білу – міне, мобильді технологиялар дамуының екінші жағы осы. Жас пайдаланушылар барынша көп ақпарат алуға ұмтылады және нәтижесі ой тереңдігіне емес санға бағдарланады. Google Диск немесе Dropbox сақтайтын мәліметтерді есте сақтаудың керегі қанша – оның орнына күш-жігерді деректерді талдауға және түсіндіруге бағыттаған жөн. Басқаша айтқанда: мектептегі жаттау заманы өтті, сындарлы ойлау, креатив және коллаборация уақыты жетті – дәл осы ерекшеліктер Жаңа Ұрпақ Мектебінде дамытылады.

МЕНМЕНМЕН ҰРПАҒЫ

Сандық әлемнің дарашыл болуына, ал ата-аналардың өз балаларына олар көрмеген нәрселерді беруге тырысуына байланысты өскелең ұрпаққа өзімшіл деген кінә тағылуда. Бұл феномен үшін әлеуметтанушылар, тіпті «Generation-MeMeMe» деген арнайы атау ойлап тапты. Z ұрпағы үшін олардың айналасындағы – гаджеттерден бастап ғылыми тұжырымдамаларға дейін функционалдық және тиімділік маңызды. Тұлғаға айналу үшін олар өскенше күтуге дайын емес, осы жерде және қазір өзін-өзі танытуға тырысады. «Зеттер» өткен ғасырдың қасаң қағидаларына күмәнмен қарайды және өз қажеттіліктері мен мінез-құлық паттерндерін негізге ала отырып, жаңаларын қалыптастыруға дайын. «МенМенМен ұрпағы» жеке жайлылық контекстінде болашақ туралы қам жасайды. Олар күшіне стереотиптерді сезінуге және жаңа керемет әлемді бұрын-соңды болмаған ынта-жігермен жасауға дайын. Олар «өзімшіл» деп аталғанымен де, жаңа ұрпақ отбасын «қарым-қатынастар мәртебесі» деген бағанды толтыру екінші адам бейінінің қажеттілігінен емес, сезіммен құратын болады.

Сапалы апгрейд

«Зеттерді» жаһандық мәселелер алаңдатады, ғылым, робототехника және өнер қызықтырады. Жаңа ұрпақтың маңызды ерекшеліктері – жауапкершілік және мақсаткерлік, болашаққа шынайылық тұрғысынан қарау және перспективаға өз өмірін жоспарлау. Инноватор балалар онда жасампаздық ғанибет пен қоғамдық пайда үшін жұмыс істейтін теңдестірілген лайфстайлға ұмтылады. Олар үшін әсемдік – бұл тек қана сыртқы келбет емес, сондай-ақ салауатты өмір салты. Экология және медицина проблемалары – міне, Z ұрпағының өкілдерін толғандыратын негізгі мәселелер осылар. Екі мыңыншы жылдары туғандар әлемді қауіп ретінде емес, тәжірибелерге арналған алаң ретінде қабылдайды. Батылдық, креативтілік, әлеуметтік жауапкершілік және технологиялардың үйлесімділігі арқасында жаңа ұрпақ әлемдік проблемалардың неғұрлым қызықты және тиімді шешімдерін ұсына алады. Бұл нені білдіреді? Бұл біздің жақында өзгерістерге куә болатынымызды білдіреді 3.0.

Ата-аналарға және мұғалімдерге

Түсіну үшін әлеуметтанушы болудың керегі жоқ: «зеттер» «икстердің» ықпалымен жеке тұлға ретінде қалыптасады. Ата-аналардың өз балаларына беретін құндылықтары барлық кейінгі ұрпақтардың болашағына әсер етеді. Гарвард университетінің жанындағы Инновациялар зертханасының сарапшысы және «Инноваторларды қалыптастыру. Әлемді өзгертетін жастарды қалай тәрбелеу керек» атты кітаптың авторы Тони Вагнер сындарлы маңызды дағдылар туралы былай дейді: талдамалық ойлау, икемділік, қызығушылық, қиял, тиімді ауызша және жазбаша қарым-қатынас. Оның тұжырымдамасында тарихи даталарды жаттауға немесе тіпті көбейту кестесіне орын жоқ, есесіне, үздіксіз оқыту және таңдау еркіндігі ерекше атап көрсетілген. Жаңа Ұрпақ Мектебінде біз Тони Вагнердің ойларын мұра етеміз: оқушыларға өзін-өзі таныту үшін барынша көп мүмкіндіктер береміз және өткен материалды жаттауды емес, талдауды үйретеміз.

Таңдау еркіндігіне ата-аналардың ерекше көңіл бөлуін сұраймыз. Балаға маневр үшін кеңістік беріңіз. Кестеде міндетті түрде интернетпен серфингке және өзін-өзі тануға арналған бос уақыт қалуға тиіс: «зет» дәл қазір қандай толқынды таңдап алу және бағыт оны қайда алып келетіндігін интуитивтік деңгейде түсінеді. Сіздің балаңыздың бойындағы экзотикалық қызығушылық болашақта сұранысқа ие кәсіпке айналуы және әлемді жақсы жағына қарай өзгертуі мүмкін.

Бұрын осы тақырып бойынша