Құрметті Клиенттер!

NGS жеке меншік мектебі барлық қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдердің NGS мектебінің есептік шотына қабылданатынын және аударылатынын сіздің назарыңызға жеткізеді. Бұл ереже тікелей білім беру қызметтерімен байланысты төлемдерге және тасып тарату, мектеп формасы, Қосымша білім беру бөлімшесінде секцияларға бару сияқты кез келген қосымша қызметтер төлемдеріне қатысты болады.

 

Төлемді жүргізудің үш қарапайым қадамы мыналар:

Онлайн төлем Bank RBK АҚ бөлімшесінде қолма-қол ақшамен төлеу Кез келген банктің шотынан NGS шотына аудару



1

Онлайн төлеу – NGS сайты арқылы «Түсім» бөлімінің «Төлемді жасау» бөлімшесі арқылы төлем жасаңыз.

Банк қызметі үшін комиссияны NGS төлейді.

 

Банк
Комиссия
Төлем тәсілі Төлемге арналған сілтеме
0 KZT Төлем Қазақстанның кез келген банкінің картасымен жүргізілуі мүмкін Bank RBK төлемі
0 KZT Тек Kaspi Bank карточкаларын ұстаушылар ғана Kaspi Bank төлемі*
0 KZT Оплата может быть произведена пользователями homebank.kz и приложения Homebank Оплата Halyk bank
Келесі бетке өтіңіз және талап етілетін жолдарды толтырыңыз

* «Мектептің нөмірі немесе атауы» деген жолда “New Generation School” немесе «Жаңа Ұрпақ Мектебі» сөздерін теріңіз және "Жалғастыру" батырмасын басыңыз

 

ЖОЛДАРДЫ ТОЛТЫРУ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ЖАДЫНАМА

Кіру жарнасын (бір реттік төлем) төлеу:

  • "Қосымша ақпарат" деген жолда төлемнің арналуын "Кіру жарнасы" деп көрсетіңіз
  • "Ақы төленетін ай" деген жолда ағымдағы төлем айын көрсетіңіз

Оқу ақысы:

  • "Қосымша ақпарат" деген жолда төлемнің қандай тоқсан үшін жүргізіліп отырғанын көрсетіңіз. Егер бір жылға төлем жүргізілсе, оқу жылын көрсетіңіз, мысалы, 2019-2020
  • "Ақы төленетін ай" деген жолда ақы төленетін тоқсанның бірінші айын көрсетіңіз: қыркүйек, желтоқсан, наурыз

Тасып тарату / мектеп формасы / Қосымша білім беру бөлімшесіндегі қосымша секциялар ақысы:

  • "Қосымша ақпарат" деген жолда төлемнің арналуын көрсетіңіз
  • "Ақы төленетін ай" деген жолда ағымдағы төлем айын көрсетіңіз

2

"Bank RBK" АҚ бөлімшесінде қолма-қол ақшамен төлеу.



  • Республика алаңы, 15
  • Әди Шәріпов көшесі, 84 (Қарасай батыр көшесінің қиылысы)
  • Банктің басқа бөлімшелері
3

Кез келген банктің шотынан NGS шотына ақша аударуды келесілер арқылы жүзеге асыруға болады:

  • Есеп айырысу бөлімшесі
  • Интернет-банкинг


Bank RBK АҚ бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшамен төлемді жасаған кезде өзіңізбен бірге қол қойылған білім қызметтерінің Шарты және оқушының туу туралы куәлігі болсын. Назар аударыңыз, бұл төлемді банк бөлімшесі арқылы қолма-қол ақшамен немесе шоттан ақша аудару арқылы жүзеге асыру кезінде аударым үшін комиссия ақысын банк тарифтеріне сәйкес, Сіз дербес төлейсіз.

Ақша аударымын жүзеге асыру үшін деректемелер сізге қол қойылған Ниеті туралы келісіммен бірге берілетін болады.

Отправить заявку