- Бастысы туралы қысқаша*
Мектеп
- Сіз қашан келуге шешім қабылдасаңыз да – біз дайынбыз. NGS-те мектепке дейінгі (нөлдік сыныптар), бастауыш (1-4-сыныптар), орта (5-9-сыныптар) даярлық бар. 10-сынып оқушыларына арналған жоғары мектеп 2019 жылы, ал 11-сынып оқушылары үшін – 2020 жылы ашылады.
Сыныптар
- Біз тиімді оқытуды қамтамасыз еткіміз келеді, сондықтан бір сыныпқа ең көбі 18 адам қабылданады
Оқыту тілдері
- NGS Жаңа ұрпақ мектебінде оқыту тілі орыс тілі бөлімімен ұсынылған.
- * Балаларды қабылдау тиісті жас топтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Сыныпта балалардың саны 6-дан кем емес немесе 18 адамнан аспайды
- Жұмыс кестесі:
NGS – бұл толық күн жұмыс істейтін мектеп. Біз сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін ашық боламыз.
Сабақтар 09:00-де басталады. Бірақ оқушылар 08:00-ден бастап мектеп ғимаратына кіре алады.
Сабақтың ұзақтығы – 40 минут
Біздің ұзартылған күн топтарымыз (ҰКТ) және Қосымша білім бөлімшесі негізгі сабақтар аяқталған сәттен бастап сағат 19:30-ге (1-11 сыныптардың оқушылары үшін) жұмыс істейді.
Мектептің бірнеше бағыттарда жүретін және 08:00-ға қарай балаларды мектепке тасып әкелетін өзінің автобустары бар. Балаларды кері үйлеріне тасып тарату 18:30-де жүзеге асырылады.
Ата-аналар /сенім білдірілген тұлғалар күн ішінде және сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін балаларды мектептен өз бетінше алып кете алады.