NGS тобынан

Мектеп директорының алғы сөзі

Қадірлі ата-аналар, қымбатты балалар, мұғалімдер және сайтымыздың қонақтары.


Мен сіздерді NGS Жаңа Ұрпақ Мектебінің сайтында қарсы алуға шын жүректен қуаныштымын!


2018 жылдан бастап біздің мектеп жобалық менеджменттің қатысуымен басқарудың бірегей моделін қолдана отырып, Қазақстанның жеке білім беру саласында жетекші орын алып келеді.


Біз білім беру саласын еліміздің жаңа ұрпақты дамыту үшін маңызды деп санаймыз, бұл біздің миссиямызда және мектеп қызметін стратегиялық жоспарлауда көрініс табады. Осы өршіл мақсатқа жету үшін біз өз қызметімізде заманауи тәсілдерді қолданамыз, мұғалімдер құрамы мен мектеп оқушылары үшін білім беру бағдарламаларын енгізіп, кең инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық мүмкіндіктер ұсынамыз.


Біздің "Ақылды! Мықты! Айқын!" концептісіне негізделген жұмысымыз NGS оқушыларына олардың әрқайсысы өз әлеуетін толық іске асыра алатын тиімді білім беру, тәрбиелеу және дамыту жүйесін ұсынады. Қосымша пәндермен және бейіндік оқытумен күшейтілген академиялық база, "мектептегі мектеп" қағидасы бойынша спорттық және шығармашылық сабақтар, жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдары және халықаралық емтихандарға дайындығы, әлеуметтік және волонтерлік мектеп өмірі, жаңа техникалық жабдықтар, қауіпсіздік және өзінің педагогикалық шеберлігін үздіксіз арттыратын оқытушылар құрамы, осы жағдайлардың барлығын біз NGS оқушылырының жан-жақты даму мүмкіндіктері болуы үшін жасаймыз


Оқушыларымызды республикалық және халықаралық олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ретінде көргенде, біз өз жұмысымыздың нәтижелерін мақтан тұтамыз. Біздің түлектеріміз қажетті сұранысқа ие бола отырып және болашақ мамандықты саналы түрде таңдай отырып, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырту алады. 2021 жылы NGS түлектері 20-дан астам озық мамандық бойынша Ұлыбритания, Канада, Нидерланды, АҚШ және басқа да дамыған елдер университеттерінің студенттері болды. Олардың жетістігі қажетті білімді ғана емес, сонымен қатар тәрбие, басқаларға құрмет, өз-өзіне сенімділік және нәтижеге бағыттылықты үйреткен мұғалімдерге де қатысты. Жаңа ұрпақ оқушыларына ақылды, мықты, айқын болуға көмектесу арқылы біз оларға болашақта өз орнын табуға және бақытты болуға көмектесеміз.


Біздің үжымның атынан балаларға өз қабілеттерін батыл дамытып, саналы түрде мақсат қойып, сол мақсаттарға нық қадам басуға тілектеспін. Адалдық, жауапкершілік және әлемге оң көзқарас қағидаттарын ұстану, таңдау еркіндігін сақтау, пікірлестерді табу және өз мүдделерін дамытуды тілеймін. Әрқайсыңыз бұл өмірде өз жолдарыңызды тауып, шынайы бақытқа қол жеткізгейсіздер!

Ахметова
Самал Болатқызы

Мектеп директоры

Самал Болатқызы – ұстаздар әулетінен шыққан педагог және білім берудегі кәсіби менеджер.

2017 жылы Nazarbayev University магистратурасына "жаңа форматтағы" білім беру басшыларын даярлау бағдарламасына қатысуға 300 үміткер ішінен іріктеуден өтті. Білім беру жүйесін өзгерте алатын білім беру процестерін тиімді басқару дағдыларын меңгерген.

Астана қаласы НЗМ-дегі кәсіби қызметі кезінде 1000-нан астам түлектің мамандық таңдауына және үздік шетелдік жоғары оқу орындарына түсуіне көмектесті. Олардың арқасында Самал Болатқызы бүкіл әлем бойынша көптеген достар тапты.

2018 жылы "Кәсіби бағдар беру бағыты бойынша" жобасын іске асыру үшін NGS Жаңа Ұрпақ Мектебінің компания басқарушы болып шақырылды. 2 жыл ішінде NGS бірінші түлектерінен 32 оқушы оқуға түсуге дайындалды, PolyU, Glion, Les Roches, Lighnan University сияқты халықаралық университеттермен меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ негізгі бағдарламаға IELTS және Provisional English пәндері енгізілді.



Педагогикалық құрам


       * Педагогикалық құрам үнемі жаңартылады

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жұмыс өтілі:
4 жылдан артық

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Жұмыс өтілі:
1 жылдан артық

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Жұмыс өтілі:
4 жылдан артық

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Жұмыс өтілі:
3 жылдан артық

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Жұмыс өтілі:
10 жылдан артық

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жұмыс өтілі:
3 жылдан артық

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жұмыс өтілі:
1 жылдан артық

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Жұмыс өтілі:
33 жылдан артық

Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі
Ағылшын тілі мұғалімі


Жұмыс өтілі:
7 жылдан артық

Ағылшын тілі мұғалімі

Жұмыс өтілі:
5 жылдан артық

Ағылшын тілі мұғалімі

Жұмыс өтілі:
4 жылдан артық

Ағылшын тілі мұғалімі

Жұмыс өтілі:
4 жылдан артық

Отправить заявку