Әйелдердің ең жоғары үлесі денсаулық сақтау және білім беру (72%), тамақтану және тұру қызметтерін ұсыну (64%), қаржы (57%) болып табылатын экономиканың Топ-3 саласы.
Алматыда әйелдер кәсіпкерлігі саласында "Women in business" форумы өтті. Спикерлер әртүрлі салалардағы әйел көшбасшылар болды. Ұйымдастырушы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі болды.
Форумның бірінші панельдік сессиясында дағдарыстық жағдайдан кейін кәсіпкерлікті қалпына келтіру перспективалары мен экономиканың гендерлік аспектілері талқыланды. "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанованың айтуынша, қаңтар айындағы оқиғалар еңбек нарығына деген көзқарастарды қайта қарауды және қайта құруды талап етеді: бизнес табысы төмен адамдарға лайықты табыс қамтамасыз ете алмайды және Алматы тәжірибесі мұны анық көрсетті. Сондай-ақ, оның айтуынша, жүргізілген реформаларға қарамастан, Қазақстанға гендерлік теңсіздікті қысқарту бағытын тоқтатуға болмайды. "Әйелдер, бизнес және заң" жаһандық рейтингінде елімізді Өзбекстан басып озып жатыр (70,6 баллға қарсы 69,4 балл).
"Әйелдердің бизнеске, әсіресе ірі компаниялардың көшбасшылық деңгейінде қатысуын кеңейту мәселесі басымдықтардың бірі болып қала беруі керек. Сондай-ақ, ауыл әйелдерін шағын кәсіпкерлік саласына тартуды қамтамасыз ету маңызды. Өткен жылдан бастап Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия "Атамекенмен" және Ұлттық экономика министрлігімен бірге әр өңірде ашылатын әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобалық орталықтарын іске қосты. Бірақ алдағы уақытта біз осындай орталықтарды аудандық деңгейде ашатын боламыз", - деді Ләззат Рамазанова.
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидждің айтуынша, қаңтар трагедиясы да, COVID-19 пандемиясы да бизнестің дамуына нұқсан келтірді. Сонымен бірге, ол дағдарыстар кәсіпкерлерді жаңа мүмкіндіктерді тануға, креативті болуға және жаңа бизнес құруға шабыттандырады деп санайды.
Әйел кәсіпкерлердің бастамаларын қолдаудың маңыздылығы туралы Кэролайн Сэвидж: "Әйелдердің экономикаға белсенді қатысуы қоғамдар мен экономикалардың табысының негізгі факторы болып табылады. Бұл саладағы зерттеулер анық көрсетеді: әйелдер өркендеген кезде елдер өркендейді. Сондай-ақ, кәсіпкер әйелдердің саны артумен қатар олардың экономиканы дамытудағы маңызы өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Олар оның қозғаушы күшіне айналады, сондықтан біз оны қолдау және ілгерілету маңызды деп ойлаймыз", - дейді.
Соңғы бес жылда, соның ішінде пандемия жылдарында, әйелдердің бизнесте және компания менеджментінде айтарлықтай ілгерілеу болды. Мысалы, топ-менеджменттегі әйелдердің үлесі 25% - дан 31% - ға дейін өсті, бұл қысқа мерзім үшін айтарлықтай жетістік болып табылады. Еңбек нарығының гендерлік аспектісі және экономиканы қалпына келтіру перспективалары туралы ҚР ҚҚҚ кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова айтып берді.
"Егер жалпы әлемдік үрдістерден біздегі жағдайға көшетін болсақ, онда еңбекке қабілетті халық арасында әйелдер 7 миллион адамды құрайды, бұл ерлерге қарағанда 350 мыңға артық. Сонымен қатар, толық еңбек күнінде жұмыс істейтін әйелдердің үлесі жалпы алғанда 42,6%, өнеркәсіпте 31,6% және өндірістік емес салада 50,5% құрайды. Әйелдер негізінен қызмет көрсету саласында (76,5%), 11,8% ауыл шаруашылығында және 11,7% өнеркәсіп пен құрылыста жұмыс істейді.",- деп атап өтті Елена Бахмутова.
Компанияларды иеленуге және басқаруға қатысу көрсеткіштері бойынша Қазақстан жақсы позицияда. Атап айтқанда, компаниялардың 30%-дан астамында әйелдердің үлесі бар, ал компаниялардың 24%-нда иелік етуде әйелдер көпшілікті құрайды. Компаниялардың 26%-ын әйелдер басқарады.
"Егер Қазақстан экономикасы салаларындағы әйелдердің жұмыспен қамтылу құрылымына қарайтын болсақ, бүгінде әйелдер дәстүрлі түрде өндірістік емес салада басым болып отыр, оның сегменттері болашақ мамандықтар каталогының басында тұр. Атап айтқанда, денсаулық сақтау мен білім беруде әйелдердің үлесі 72% , тамақтану және тұру қызметтерін ұсыну бойынша қызметте – 64%, қаржыда - 57% , өнер, ойын–сауық және демалыс саласында 57% құрайды", - деді ҚР ҚҚҚ кеңесінің төрағасы.
2021 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, азаматтық қоғам және БҰҰ ұйымдарының қолдауымен Қазақстанда әйелдерге тыйым салынған кәсіптердің тізімі толығымен жойылды, осыған байланысты елімізде еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтықтың азаюы күтілуде, бұл бүгінгі күні Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің бағалау бойынша 34% -. құрайды.
Қазақстандағы "БҰҰ-Әйелдер" құрылымының елдік бөлімшесінің басшысы Мария Доценконың айтуынша, Қазақстан әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бөлігінде БҰҰ қағидаттарын ілгерілету бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып табылады. БҰҰ-ның бұл жаһандық бастамасы гендерлік теңдікке және әйелдердің жұмыс орнында, бизнес нарығында және қоғамда мүмкіндіктерін кеңейтуге қалай ықпал ету керектігі туралы бизнеске басшылық ұсынатын принциптер жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңда құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту қағидаттарына 37 прогрессивті қазақстандық кәсіпорын қол қойды.
Келесі спикер Үміт Шаяхметова, Halyk Bank Басқарма Төрағасы Әлемдік және қазақстандық экономикадағы трендтер мен тәуекелдер туралы айтып берді. Оның бағалауы бойынша, Алматының экономикалық жүйесі жаһандық, өңірлік және қалалық ауқымдағы сын-қатерлерге қарамастан, қалай тез қалпына келіп, жұмылу керектігі - бүкіл Қазақстан ұмтылуы тиіс экономиканың үлгісін ұсынады.
"Шағын және орта бизнестің үлесін көтеру қажет. Алматының ЖӨӨ–де 84% - бұл сауда, сервис, қызмет көрсету сегментіндегі ШОБ. Қала ресурстардың есебінен емес, бизнестің және халықтың жеткілікті жақсы сатып алу қабілетінің есебінен өмір сүреді. Соңғы жылдары Алматы мемлекеттік қолдаудың арқасында емес, керісінше дамыды. Біз, алматылықтар, қолдау сұрамаймыз, кедергі жасамауды сұраймыз", - дейді Үміт Шаяхметова.
Сонымен қатар өз сөзінің соңында ол қазіргі әлемдегі әйелдердің жоғары рөлін атап өтті.
"Біз бұл форумда барлық рөлдік модельдер - кәсіпкер әйелдер, белсенді позициясы бар әйелдер, бір нәрсе тудырып жасайтын әйелдер бар екенін көреміз. Барлығыңызға айтарым: осы модельдерді таратыңыз, көрсетіңіз, үйретіңіз, балаларымызды, немерелерімізді, әріптестерімізді мысалмен тәрбиелеңіз, өйткені көп нәрсе сіз бен бізге байланысты. Қазір өзгерту керек трансформация туралы айту өте сәнді. Иә, солай, бірақ құндылықтарыңызды өзгертпеңіз. Біз бәріміз ең негізгі нәрселерді - махаббат, достық, адалдық, қоғамға және бір-бірімізге жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бүгінде бұл мүлдем қарапайым заттар, менің ойымша, алдыңғы қатарға шығады. Барлықтарыңызға тағы да бизнесте өркендеу, кәсіпкерліктің осы рухын жоғалтпауды тілеймін. Біз табысқа жетеміз деп сенемін", - деп бөлісті қатысушылармен Halyk Bank басқарма төрағасы.
Форумның екінші панельдік сессиясында табысты кәсіпкерлер өз ойларымен бөлісті. NGSolutions бас директоры Ольга Пак тұрақты білім беру бизнесін қалай құру керектігі туралы айтты. Айзада Үсенова мейрамхана бизнесін шет елдерге масштабтау тәжірибесімен бөлісті. Неворкингтен басқа, форум қатысушыларын түрлі сарапшылардың шеберлік сабақтары мен сертификаттар табыстау күтті.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі атынан іс-шараның негізгі демеушісі Халық банкіне, NGS Жаңа Ұрпақ Мектебіне, сондай-ақ Forbes Woman және Atameken Business Chanel ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
Дереккөз: atameken.kz