ALMA TV "NGS Жаңа Ұрпақ Мектебімен" бірлесіп, барлығын IT, digital-маркетинг және психология саласындағы мамандар әзірлеген эксклюзивті онлайн-курстан тегін өтуге шақырады. Курстардың әрбір қатысушысы Apple өнімдерінен бағалы сыйлықтар ұтып ала алады

Сурет: Алма ТВ
Уақыт бір орында тұрмайды. Әр түрлі гаджеттер мен ақпараттық қосымшалар біздің өмірімізге еніп, оның ажырамас бөлігіне айналуда. Жаңа технологиялардың келуімен өзгеретін және дамитын кәсіптерде де солай болады. Мамандардың болжауынша, жақын арада қызметкерлердің 77%-ы жаңа дағдыларды үйренеді немесе толығымен қайта даярлаудан өтеді. Үздіксіз өзгеріп отыратын әлемдегі жаңа ұрпақ үшін "уақыттың өзгеруін" сезіну және оған бейімделу өте маңызды. Біздің курс сізге осыған көмектеседі.
Жобаның функционалы
Біз оқу курсын 2021 жылдың 12 тамызынан 1 қыркүйегіне дейін созылатын 7 сабаққа бөлдік. Сабақтың шығу кестесін сайттан көруге болады. Сондай-ақ барлық сабақтар ALMA TV – ATV INFO ақпараттық арнасында шығады. Бүкіл курсты аяқтағаннан кейін сайтта материалды меңгеруді тестілеу қол жетімді болады. Тестті 2-9 қыркүйек аралығында тапсыруға болады. 10 қыркүйекте Alma TV және NGS Instagram парақшаларында тікелей эфирде біз жеңімпаздарды жариялаймыз
Сыйлықтар
Нәтижеге қарамастан тестілеуден өткен жобаның әрбір қатысушысы «NGS Жаңа Ұрпақ Мектебін » онлайн-курстан өткені туралы сертификатталған диплом алады. Тесттің барлық сұрақтарына дұрыс жауап беретін қатысушы iPhone 12, Apple iPad 10.2 және Apple Watch Series 6 және 10, ынталандыру кәдесыйлар жиынтығының ұтыс ойынына қатыса алады
Жобаның мақсаттары
Біз ел халқының IT-сауаттылығын арттырып қана қоймай, алаяқтардың құрбаны болмау және балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адамдарды "цифрлық гигиенаны" сақтауға үйреткіміз келеді. Ата-аналарға біз олардың балаларының еңбек нарығындағы сөзсіз өзгерістерге байланысты жаңа технологияларды үйренудің маңыздылығы туралы айтқымыз келеді. Сондай-ақ аналар мен әкелерге балалардың желіде болуға деген ұмтылысын жақсырақ түсіну үшін олармен бір тарапта болудың және оларды желіде күтіп тұрған ықтимал қауіптер туралы сөйлесудің қаншалықты маңызды екенін еске салғымыз келеді.
Дереккөз:Forbes.kz