15.04.2019

Қазақстанда алғаш рет күлгін күн атап өтілді.


Эпилепсиямен ауыратындарды қолдау мақсатында өткізілген "Жарқын миль" қайырымдылық жарысына 700-ге жуық адам қатысты.


2008 жылы эпилепсиямен ауыратын тоғыз жасар шотландиялық Кессиди Меган 26 Наурызды ауру туралы ақпарат тарататын күн етуді ұсынды. Қыз басқалардың теріс көзқарасын сезінді: адамдар онымен сөйлесуден қорықты, ал құрдастары әртүрлі сылтаулармен ойнаудан бас тартатын. Кессиди өзінің ауруы айналасындағылар үшін қауіпті емес және жұқпалы емес екенін және басқалардан еш айырмашылығы жоқ екенін айтқан үндеу жасады. Оны студенттер, саясаткерлер және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері қолдады. Бірте-бірте Күлгін күн (ол осылай аталды) әртүрлі елдерде аталып өте бастады.


Қазақстанда 2017 жылдың басындағы жағдай бойынша эпилепсия диагнозы қойылған 57 мың адам тіркелген. Жұртшылықтың назарын науқастардың проблемаларына аудару үшін Алматыда Орталық стадионда "Жарқын миль" жарысы өтті. Әуесқой спортшылар, балалар және бей-жай қарамайтын азаматтар өздерінің эпилепсияға шалдыққан жерлестерін стартқа күлгін түсті нөмірлермен шығып қолдады. Бұл түс жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер етеді және мазасыздық сезімін жеңілдетеді. "Кең жүрек" қоры New Generation School, Rotary International гуманитарлық ұйымы және "Эпилепсияға қарсы Қазақстан Лигасы" бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шара аясында жеті жасар Нұрислам Құдайбергеновті емдеу үшін қаражат жиналды. Көп ұзамай бала Тюменьдегі федералды нейрохирургия орталығына тексеруге барады.


Дереккөз: Экспресс К.

 



Отправить заявку