Стильді және қазіргі заманғы сәулет
Мектеп ғимараты
- Икемділік және білімнің әралуандық тұжырымдамасы Жаңа Ұрпақ Мектебінің сәулетінде көрініс тапқан.
- Мектеп ғимараты қазіргі заманғы қауіпсіздік нормаларына және сапа стандарттарына сәйкес экологиялық таза материалдардан салынған.
- Жаңа буындағы итальяндық жабдығы бар жеке қазандық мектепті дербес жылумен қамтамасыз етеді, сондықтан бізде әрдайым жылы және жайлы.
Ішкі көрініс
- Мектептің қазіргі заманғы ішкі көрінісі оқыту, еркін және шығармашылық алаңдарды қамтиды. Кең сыныптар, лаундж-спейстер және жасыл желекті бұрыштар әрбір қабатқа оқу, шығармашылық және коллаборация үшін қолайлы атмосфера қалыптастырады.
- Білім – шырақ! Үлкен терезелер ғимараттың ішіне табиғи жарықтың жақсы түсуін қамтамасыз етеді. Күн шуағымен бірге мектепке жақсы көңіл-күй енеді.
- Жарқын дизайн креативке және әлеуметтенуге дем береді. Брендтелген қабырғалар аясында селфиге түсіп, мектепте ұзақ болғың келеді, бұл жаңа буын балаларының құлшынысын арттырады.
«Ақылды! Мықты! Айқын!»
- «Ақылды! Мықты! Айқын! аймақтар NGS мектебінің ұранын және жаңа буын оқушыларының дамуының үш бағытын көрсетеді.
- Осындай аймақтар студенттеріміздің жеңістері мен жетістіктерін ынталандыру, шабыттандыру және көрсету үшін құрылған.
- Олардан академиялық, спорттық және шығармашылық салаларда ерекше көзге түскен, бағалы кубоктарды жеңіп алған студенттердің жеке және топтық фотосуреттерін және шабыттандыратын сөздерін көруге болады.
Озық жарақтандыру және техника
Сыныптар
- Балаға партаға отырған қаншалықты ыңғайлы болса, оның дене сымбаты, тіпті үлгерімі де соншалықта жақсы болады. Жаңа Ұрпақ Мектебінің парталары бірінші сыныптан бастап соңғы сыныпқа дейін сабақ оқу жайлы болуы үшін биіктік реттегішімен жоғары сапалы материалдардан жасалған.
- Сынып дәрісханалары шығармашылыққа арналған кәдімгі тақталармен және сенсорлық экрандары бар интерактивтік тақталармен қамтамасыз етілген.
- Кіші сыныптарға арналған дәрісханалар жеке шкафтармен жабдықталған, ал үлкен сыныптар бөлімінің дәліздерінде РББЖ жүйесіне (Рұқсатты Бақылау және Басқару Жүйесі) кіріктірілген электрондық құлыптары бар шкафтар орнатылған.
Мәжіліс залы
- Шығармашылыққа арналған 530 кв.м.– бұл біздің кең мәжіліс залымыз, өнер цитаделі.
- Үлкен сахна, мақпал шымылдық, екі әртіс бөлмелері және 300 отырғызу орны – барлығы үздік театр дәстүрлерін қайталайды.
- Кәсіби акустика арқасында оқушылар нағыз әртістердің рөлін сомдап қана қоймай, жарқыраған сахнада түпнұсқа нөмірлермен өнер көрсете алады.
Спортзалдар
- Тәні саудың – жаны сау! Жалпы ауданы 576 кв.м. болатын спорт залы баскетбол, волейбол, бадминтон, теннис, мини-футбол ойындары және спорттық гимнастика сабақтары үшін таптырмас алаң болып есептеледі.
- Арнайы иілімді жабын барлық қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келеді, ал белгілер мен жарақтандыру әртүрлі жаттығуларды және жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.
- Оқушыларға ыңғайлы болуы үшін барлық гигиена нормаларына сәйкес келетін 2 кең киім шешу орны және 2 душ бөлмесі көзделген.
- 286 кв. метр кеңістікті алып жатқан шығыс ұрыс өнеріне, боксқа және грек-рим күресіне арналған жекпе-жек залы арнайы снарядтармен жабдықталған және мұнда үздік шеберлер дәріс өтеді.
Сауық кешіне арналған зал
- Төбенің биіктігі 4,5 метр – паркеттің үстінде секіріп жаттығуға ыңғайлы.
- Айналар, станоктар, арнайы жабын және музыкалық сүйемелдеу.
- Еліміздің үздік шеберлерінен ча-ча-ча, фуэте, шпагат – сабақтары және сіздің қызыңыз – нағыз прима-балеринаға айналады.
Бассейн
- Өлшемі 25х6 метрлік спорттық бассейннің үш жолағы және мәре тұғырлары бар. Енді СӨС ұстануға мүмкіндік туады!
- Озық еуропалық өндірушілерден суды сүзгілеу және оның сапасын бақылау жүйесі бүгінде үздік жүйелердің бірі.
- Жылы еден, 2 киім шешу орны, 2 душ бөлмесі – мұның барлығы оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін.
Мини-футболға арналған ашық алаң
- Мини-футболға арналған спорттық алаң жарқын «г-о-о-о-о-о-л-дар» үшін.
- Көгалдағы ашық мінбер
- Жабын: жылдың кез келген мезгілінде және кез келген ауа райында ойындар өткізілетін жасанды көгал.
Жабық теннис корты
- Шөп жабыны бар кәсіби теннис корты, онда мектептің, сондай-ақ елдің болашақ бірінші ракеткасы жаттығады.
- Спорттық оқиғалар мен жарыстар үшін 40-50 адамға арналған қоршалған трибуна.
- Ауа райынан тәуелсіздік.
Денсаулық сақтау технологиялары
Асхана
- Ас – адамның арқауы. Жаңа Ұрпақ Мектебінде күн сайын теңдестірілген дұрыс тамақтандырумен қамтамасыз ететін өзінің өндірісімен асхана бар.
- Асхананың жалпы аумағы – 1023 кв.м., 350 адамға арналға түскі ас залының ауданы – 665 кв.м.
- Ресей мен Италияның жетекші өндірушілерінен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін қазіргі заманғы кәсіптік ас үй жабдығы.
Тамақ
- Төрт мезгіл тамақ жемістермен және ботқалармен берілетін кешенді таңғы асты, салаттың түр-түрімен ыстық ланчтарды, толыққанды кешкі асты және жедел дәмтатымдарды қамтиды. Мәзірді диетолог дәрігерлерінің ұсынымдары негізінде бас аспазшы әзірлеген және ол қоректік заттардың толық жиынтығын қамтиды.
- Сөресінен әрдайым салаттар, жемістер, ұн өнімдері, шырындар, минералды су, кондитерлік өнімдер үзілмейтін буфет жұмыс істейді.
- Оқушылардың ас мәзірі әрдайым экологиялық таза суға пісірілген бірінші және екінші тағамдармен ұсынылады.
Медициналық блок
- Медициналық блок дәрігердің кабинетін, емшара бөлмесін, психолог және логопед мамандардың кабинетін қамтиды
- Барлық кабинеттер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жарақтандырылған.
- Балалардың дене және психикалық саулығының қамын жасау біздің басымдықтарымыздың бірі болып табылады.
Күзет жүйесі
Қауіпсіз аймақ
- Жаңа Ұрпақ Мектебі– бұл қауіпсіз аумақ.
- Мектепте смс-хабарламалармен Рұқсатты Бақылау және Басқару Жүйесі жұмыс істейді. Оқушы мектеп аумағына келгенде немесе одан шыққанда жүйе автоматты хабарлама жібереді.
- Өрт қауіпсіздігі жүйесі, Дабыл жүйесі және Рұқсатты Бақылау және Басқару Жүйесі өзара кіріктірілген. Бұл нені білдіреді? Бір жүйедегі іс-әрекеттер екінші бір жүйелерде іске қосуға алып келеді.
- Апаттық жағдайларда Дабыл жүйесі іске қосылады, ал РББЖ жүйесі автоматты түрде өткізу пунктерін, турникеттерді және өрт кезіндегі шығу есіктерін ашады.
Күзет агенттігі және бейне бақылау жүйесі
- Мектеп күзет агенттігінің тұрақты бақылауында болады.
- Ғимараттың ішінде және сыртында 100-ден астам бейне бақылау камералары орнатылған.
- Мектеп аумағындағы қауіпсіздік жүйесі аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.
Тасып тарату
- Оқушыларды мектепке және мектептен тұрақты тасып тарату жетекші өндірушілердің ыңғайлы микроавтобустарымен жүзеге асырылады.
- Мектеп автобустары «Toyota», «Ford», «Mercedes.
- Автопарк уақтылы техникалық қызмет көрсетуден, ал персонал – мұқият іріктеуден өтеді: көлік жүргізу өтілі және балалармен жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті.