NGS мектебінің миссиясы оқушыларды болашаққа, инновациялар мен айқын идеялар дәуіріне дайындау.
Біздің мақсатымыз – баланы оқу сүйгіштікке дағдыландыру және қызығушылығын ояту. Біз оқуды қалай үйрету керектігін білеміз. Z буынының балаларын алда білімнің өзін емес, оны табу, талдау және дұрыс ақпаратты қатеден ажырата білу қабілетін бірінші орынға қойылатын тез қарқынды иілімді әлем күтуде. NGS шығармашылық тұрғыда ойлауға және әдеттегіден тыс шешімдер табуға – басқаша айтқанда жасанды зерде қамтуға қабілетсіз әрекеттерді жасауға үйретеді.
Мектеп негіздері
Жаңа Ұрпақ Мектебінің ұраны – Ақылды! Мықты! Айқын!
Әрбір бала – өзінше ерекше. Біз әрбір күн өткен сайын оның кешегіге қарағанда көшілгері тұруын қалаймыз. Барынша ақылдырақ, күштірек, жарқынырақ. Бұл үшін біз негізгі және тереңдетілген пәндерді, баланың шығармашылық әлеуетін дамыту және спорттық тәрибені қамтитын бірегей білім беру бағдарламасын әзірледік және енгіздік.
Әр күн сайын ақылды, мықты, айқын болу!
Ақылды!
Бір мектеп негізінде баланы 360° дамыту
Негізгі + Тереңдетілген + Стандартты емес пәндер. Репетиторлармен қош айтысыңыз!
NGS қабырғасында іргелі оқу орталықтарынан қосымша білім
Баланың әлеуетін ашу = Елдің және шетелдердің үздік университеттеріне түсуге кепілдік.
Мықты!
Тәні саудың – жаны сау
Бассейн, жекпе-жек залы, футбол алаңы және теннис алаңдары – заманауи және жаңа.
Негізгі бағдарлама жүзу және ырғақ сабағы сияқты пәндермен толықтырылған. Барлығы ішінде!
NGS аумағында елдің үздік спорттық мектептерінен қосымша дене тәрбиесі.
Айқын!
Креативті ойлауға үйретеміз
NGS шеңберінде топтық музыкалық және көркемдік мектептерден қосымша білім.
Лермонтов атындағы театрдың жетекшілігімен мектептің театрлық қызметі.
Мектеп радиосы, баспасы және арт-үйірмелер. Мектептен бастап кәсіппен шұғылданып көріңіз!
...АҚЫЛДЫ!
Жаңа Ұрпақ Мектебі оқуға үйретеді. Біз баланың оқуға қызығушылығын оятатын орта білім жүйесінің түбегейлі жаңа тәсілін қолданамыз. Міндетті оқыту бағдарламасына кіретін пәндерден басқа NGS негізінде зерде танымы, логика, ментальді арифметика, робототехника, шет тілі, құрылымдау, тиімді ақпаратпен жұмыс істеу техникалары, Кәсіпкерлік ойлау және үстел ойындары бойынша дәріс беріледі. Қосымша білім бөлімшесі әрбір оқушыны жан-жақты дамытудың қамын жасайды.
Жаңа Ұрпақ балалары бізден ерекшеленеді. Олар ақпаратты лезде іліп әкетеді, сандық әлемді жеңіл меңгереді және тамаша инноваторлық қабілеттерін танытады. 5-сыныптан бастап сіз өз балаңыздың әлеуетін барынша арттыру үшін тереңдетіп оқыту тобына таңдау жасай аласыз.
Жаңа Ұрпақ Мектебі– бұл оқуға түсу жолындағы шешуші қадам. Жоғарғы білімге бейіндік даярлық жоғарғы сыныптардан басталады. ЖОО оқытушыларын шақыру, университет зертханаларын университет және NGS негізінде академиялық олимпиадаларды өткізу – мұның барлығы бірге елдің және шетелдердің үздік университеттеріне түсуге 100% кепілдік береді.
...МЫҚТЫ!
Күш «смарт» болуға тиіс. Біз тәртіп, икемділік және шыдамдылық – болашақ жетістіктердің кепілі екендігіне сенеміз. Дене шынықтыру, жүзу және ырғақ сабақтары денсаулықты нығайтып қана қоймай, сондай-ақ шыдамдылықты, қозғалыс үйлесімін, тепе-теңдікті, икемділікті және жылдамдықты дамытады.
Кеңістік сананы қалыптастырады, сондықтан Жаңа Ұрпақ Мектебі аумағы – бұл спортпен шұғылдану үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым. Жабық 25-метрлік бассейн, жекпе-жек залы, қазіргі заманғы жасанды жабынмен футбол алаңы, ашық теннис алаңы және стадион – барлығы спортты балалардың күнделіктік өмірінің бір бөлшегіне, мектеп қабырғасынан қалыптасқан және өмірлік әдетке айналдыру үшін.
Жүзу, үлкен теннис, футбол, волейбол, баскетбол, жекпе-жек, көркем гимнастика, шахмат, топтық ойындар және би – спорттық пәндердің біреуін немесе бір мезгілде бірнешеуін таңдай аласыз. Жарыстар, кәсіпқой спортшылармен кездесулер және туристік саяхаттар – біздің білім ордамыздан салауатты өмір салтын ұстанушылар түлеп ұшады
...АЙҚЫН!
Талант шеберлікті күн сайын ұштаудың нәтижесінде ғана жарқырап, айқын көрініске ие болады. Жаңа Ұрпақ Мектебі – бұл күн сайын оқу мен шығармашылық дамуды бір арнаға тоғыстырып, сабақтастыратын ғаламат кеңістік. Балалар мектеп аумағынан тысқары шықпай-ақ, көркемдік, музыкалық немесе театралық білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Нетворкинг болашақта жарқын перспективаларға бастау болады. Жаңа Ұрпақ Мектебінде тұрақты түрде танымал және жетістікке жеткен адамдармен - бизнесмендермен, топ-менеджерлермен, саясатшылармен, спортшылармен, әртістермен, жазушылармен және көшбасылармен кездесулер өткізіліп отырады.
Мәдени, тарихи және әлеуметтік жобалар мектептің бірінші сыныптарынан бастап кәсіптік тәжірибені қамтамасыз етеді. Оқушылар мектептің арнайы жобаларында – мектеп баспаханасында, мектеп телевидениесінде немесе радиосында, мектеп театрында немесе Еуропа, Азия және ТМД аумағындағы мәдени-білім беру бағдарламаларында өздерінің мүмкіндіктерін сынай алады.
Құндылықтар
Бүгінгі таңда NGS-ке қосылыңыз!
Өтінішті жіберіңіз және NGS қызметкерлерінен жеке кеңес алыңыз!
Назар аударыңыз! Жұлдызшамен (*) белгіленгенді міндетті түрде толтырыңыз!
Конкурсқа қатысуға өтінім
Назар аударыңыз! (*) белгісі қойылған жолдар – толтыру үшін міндетті! Сіз Портфолио ретінде әрқайсысы 10 МБ аспайтын 10 файлға дейін жүктей аласыз.
Төлем жөніндегі нұсқаулық:
Құрметті Клиенттер!
NGS жеке меншік мектебі барлық төлемдердің тек қана қолма қол ақшасыз есеп айырысу және NGS мектебінің есептік шотына аудару арқылы қабылданатынын сіздің назарыңызға жеткізеді. Бұл ереже тікелей білім беру қызметтерімен байланысты төлемдерге және тасып тарату, мектеп формасы, Қосымша білім беру бөлімшесінде секцияларға бару сияқты кез келген қосымша қызметтер төлемдеріне қатысты болады.
Сізге ыңғайлы болуы үшін біз Kaspi Bank арқылы онлайн төлем жүйесін (онлайн) енгіздік. Төлем кез келген банк картасымен жүргізілуі мүмкін. Банк қызметі үшін комиссиялық төлемді NGS төлейді.
Төлемді жүргізу үшін мынадай үш қарапайым қадам бар:
Келесі сілтеме арқылы Kaspi Bank парақшасына өтіңіз:
төлеу
«Мектептің нөмірі немесе атауы» деген жолда “New Generation School” немесе «Жаңа Ұрпақ Мектебі» сөздерін теріңіз және Enter/Енгізу батырмасын басыңыз
Мектептің парақшасына өтіңіз және талап етілетін жолдарды толтырыңыз.
Төлем түріне байланысты желілерді толтыру туралы қысқаша ескерту:
Қабылдау ақысын төлеу (бір жолғы төлем):
«Қосымша ақпарат» желісінде «Қабылдау ақысы» жазып көрсетіңіз
«Төлем айы» желісінде қазіргі төлем айын көрсетіңіз
Оқу ақысы:
«Қосымша ақпарат» желісінде төлемнің қандай тоқсанына жүргізілетінін көрсетіңіз. Төлем бір жылға жасалса, онда оқу жылын көрсетіңіз, мысалы 2018-2019 ж.
Тасымалдау / мектеп формасы / Қосымша білім беру департаментіндегі қосымша бөлімдер төлемдері:
«Қосымша ақпарат» жолында төлем мақсатын көрсетіңіз
«Төлем айы» желісінде қазіргі төлем айын көрсетіңіз
Спасибо,
Ваша заявка принята!
Мы свяжемся с Вами в самое ближайшее время
Спасибо,
Ваша заявка принята!
Мы свяжемся с Вами в самое ближайшее время
Құрметті ата-аналар!
2018 – 2019 оқу жылына біздің мектеп 95% -ға қалыптасқан. Осыған байланысты, NGS Жаңа Ұрпақ Мектебінде өткізілген экскурсиялар аяқталды.
Орыс бөлімшесі • 0-9 сыныптарға өтініштердің қабылдануы аяқталды. Сіздің резервке өтінімді толтыруыңызға болады, орын босаған жағдайда біз сізбен хабарласамыз.
Қазақ бөлімшесі • 0-1 сыныптарға өтініштердің қабылдануы аяқталды. Сіздің резервке өтінімді толтыруыңызға болады, орын босаған жағдайда біз сізбен хабарласамыз.• 2-ші және 3-ші сыныптарға қабылдау әлі де жалғасуда. Қабылдау сұрақтары бойынша әкімшілікпен хабарласыңыз.
Әкімшілік телефондары: +7 (775) 243 5544, +7 (775) 242 5544
Ведутся технические работы!
Пожалуйста воспользуйтесь другими способами оплаты: