preloader
Жаңа Ұрпақ Мектебі NGS
Білім министрлігінің мемлекеттік лицензиясына
сәйкес әрекет ететін
Алматы қ., Ерменсай ықшам ауданы, Жәңгір хан көшесі, ғимарат 4 +7 (708) 704 55 44

X адамдары: жаңа ұрпақтың ата-аналары

Егер сіз суды теледидар арқылы зарядтасаңыз, мойныңызда кілт тағып жүрсеңіз және қайта құруды бастан кешірсеңіз, онда – біздің құттықтауымызды қабыл алыңыз! – сіз нағыз кәдімгі «Икс» ұрпағының өкілісіз. Сізге неге «белгісіз ұрпақ» деген айдар тағылды, сіздің X-факторыңыздың сыры неде және жаңа ұрпақтың балалары сізге қалай әсер етеді, сіз оларға қалай әсер етесіз?

ИНТЕРНЕТКЕ ДЕЙІНГІ ДӘУІР

Интернетке дейінгі дәуірдің куәгерлері 1961 жылдан бастап 1981 жылға дейінге кезең аралығында дүниеге келген, олар Ауған және Шешенстан соғысын, қайта құруды және КСРО-ның ыдырауын көрді. Бүкіл технологиялық эволюция: абажадай жүйелік блогы бар дербес компьютерден бастап жасанды интеллектке дейін олардың көз алдында өтті. «Икстермен» бірге әлем бірнеше мәрте аударылып төңкерілсе де, олар әрбір мезетте өздерінің нейрондық жүйе талшықтарын мейлінше жақсы іске қоса отырып, құбылмалы ортаға асқан ептілікпен бейімделе білді. Х адамдары ғажайып бейімділік, тапқырлық және ептілік таныта отырып, кез келген өмірлік жағдайларда қайыспай түрегелуге қабілетті.

«Икстердің» әлеуметтік өмірі мен тұлғалар ретінде қалыптасу шыңы компьютер ілуде бір болған кезеңге тұспа-тұс келді. Сондықтан, бетпе-бет қарым-қатынас және нағыз адами қатынастар ұрпақтың негіз қалаушы құндылығы болып саналды.

МОЙЫНҒА ТАҒЫЛҒАН КІЛТ

«Белгісіз» ұрпақтың басты қасиеті – дербестік, өзгерістерге дайын болу және тек өзіне ғана сенім арту. Егер табысқа жету стратегиясын қарапайым формулаға қиыстырсақ, онда ол шамамен мынадай болады: өз күш-жігеріңе сен + көкейіңде Б жоспары болсын + қиындықтарға дайын бол.

«Икстер» өте өз бетінше балалар болып өсті, өйткені олардың ата-аналары барлық уақытта жұмыста болатын немесе Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген. Балалар өздері серуендеп, тамақтарын өздері дайындады, дүниені танып, өз бетінше тәжірибе жинап, машықтанды. Мойынға тағылған кілт - бұл ерте есею нышаны. Дегенмен, істердің дәл осындай тәртібінің арқасында сирек көмек сұрайтын және не істеу керек екенін өздері де білетін дарашылдар мен прагматиктер буыны өсіп шықты. Айтып айтпай не керек, нақ осы «Икстер» өркениеттің барлық инновациялық игіліктерін қалыптастырды, олардың арасында біздің сүйікті стартаптарымыз, әлеуметтік желілер және ұтқыр білім беру мен Жаңа Ұрпақ Мектептері бар.

ТӨЗІМ ЖӘНЕ ЕҢБЕК

Төзім мен еңбек – бәрін де жеңбек. «Икстер» үлкен олжаға кенелуге асықпайды және мансаптық өсу жолында жылдар бойы тырмысуға дайын. Барлығы рет-ретімен: мектеп, ЖОО, кәсіп, куәлік, лауазым, біліктілікті арттыру, қызмет, өсу. Бұл өмірлік стратегия әлі ешкімді жарға жыққан емес, баспалдақтан секіріп және басты тәуекелге тігудің қажеті қанша? Сондықтан X ата-аналар Z баласы мектеп оқушысы бола тұрып, өміріне өзгеріс енгізу, мамандық иесі атану, жұмыс және қаламақы алу жөнінде шешім қабылдағанда шын жүректен таңданады. Мұндай сызба ата-аналарды когнитивтік сәйкессіздікке кезіктіреді, өйткені өздері құлай сенген жүйе бұзылады.

Психолог және педагог Людмила Петрановская он алты жастағы ұл баланың анасымен жүргізген консультация туралы айтып берді. Икс ана өз баласының ештеңе жасамайтынын, емтиханға дайындалмайтынын және үнемі интернетте отыратынын айтып шағымданған. Жасөспірімнің компьютер ойындарына арнап әуен шығарытындығы, айына шамамен үш мың евро ақша табатындығы, Австралия және Канада сұранысқа ие екендігі анықталды. Көріп отырғанымыздай, жаңа ұрпақ баласы мектеп оқушысы болса да, мамандыққа, танылуға және лайықты табысқа қол жеткізді. Ол мектеп бітіру, оқуға түсу, ЖОО, тағылымдама, алғашқы жұмыс сияқты бірнеше чекпойнттарды өткізіп алды. Басқаша айтқанда – жігіт қалыптасқан жүйені бұзып, табысқа жеткізер жолды айтарлықтай қысқартты. Жаңа Ұрпақ Мектебі былайша әрекет етуге: «куәлік» алуды күтпей, оқушы кезден-ақ NGS-де негізгі оқу құнына кіретін әртүрлі секцияларда (мектеп газетінің редакциясы, радиостудия, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, әлеуметтік жобалар, операторлық шеберлік, шешендік өнер, сондай-ақ талқылай отырып кино қарау) нақты тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Nickelodeon жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес X ұрпағы ата-аналарының үштен екісі өздерінің ата-аналарының өздерімен қарым-қатынасына қарағанда Z балаларымен неғұрлым жақын қатынаста екендігін мәлімдеген. X ұрпағы өкілдерінің 83%-ы өздерінің балаларын жақын достары деп есептейді. Бұл қалай болды? Ата-аналар мен балаларда екеуара бір интернет, бұл дегеніміз – олардың қызығушылығы, пабликтері, хэштегтері және контенті ортақ. Ата-аналар балаларының нені қарап жатқанын қадағаласа, балалар ата-аналарының нені бөлісіп жатқанына лайк басады. Мұндай жағдайда, оларға әрқашан айтатын әңгіме табылады, бұл ортақ тіл табысуға өте жақсы көмектеседі.

Ата-аналар мен балалардың арасында өзара түсіністік табуға тек қана технологиялар көмектесіп қоймай, сондай-ақ ата-аналардың балаларды «достастыру» ниетінің Х ұрпағын интернетті игеруге және технологияларды зерттеуге итермелейтіні қызықты. Барлық балалар сияқты, Z ұрпағы ата-аналарынан бір нәрсені жасыру тәсілдерін өте жылдам табады. X ұрпағы өз балаларынан қалып қоймау және өздерін қызықтыратын барлық нәрселерге қызығушылық таныту үшін тынбай еңбек етуін жалғастырады. Осылайша, «икстер» алдымен вайберде болған, ал көп ұзамай снэпчатта да «Зеттерге» жазылады. Қажырлы еңбек және бейімділік мұнда әбден орынды.

Осы уақыттың бүкіл сандық жүйесіне қарамастан, үй – бұл инстаграм интерфейсіндегі белгіше емес, сүюші «Икс» ата-ана өзінің «Зет» баласын күтетін орын. Жаңа ұрпақ балалары отбасын, жайлы үйді және қолдауды бағалайды, бірақ олардың онлайннан офлайнға қаншалықты жиі шығуы, соның ішінде мектепте бойына жинаған тәрбие мен құндылықтарға байланысты. Біз Жаңа Ұрпақ Мектебінде танымдық контентке және Wi-Fi-ді өшірумен отбасылық бос уақытқа орын табылатын теңдестірілген онлайн-және офлайн өмір салтын жақтаймыз.

Бұрын осы тақырып бойынша