preloader
Жаңа Ұрпақ Мектебі NGS
Білім министрлігінің мемлекеттік лицензиясына
сәйкес әрекет ететін
Алматы қ., Ерменсай ықшам ауданы, Жәңгір хан көшесі, ғимарат 79 +7 (727) 225 0505, +7 (775) 242 5544
Y Ұрпағы: жаңа ұрпақ ата-аналар

Балалық шақтары апокалипсис пен дәуірлер ауысуына дөп келген адамдардан не күтуге болады? Дұрыс айтасыз, мысқыл, эпикалық жасампаздық және өзгерістер алдындағы бірлік. Дәл осы қырлары Y ұрпағына бүгінгі біздің қолда барымызды жасауға мүмкіндік берді. Айталық, әлеуметтік желіні, жаһандануды, 4G, криптовалютаны, галактикалық лицензияны, авокадодан жасалған бургерді және мәңгілік жастықты ойлап тапқан бұл адамдар кімдер? «Игректердің» ерекшелігі не, бас бармақтың көмегімен ескі жүйені бұзып, жаңа трендтер алып келу, «демжұмыс» деген не және 35 – бұл жаңа 18 бе?- осының бәрін жан-жақты қарастыратын боламыз.

Global Citizen

Әлеуметтің желінің арқасында әлем бірыңғай болды. Жаңалықтарды географиялық белгісі бойынша бөлуден қалдық: оқиғаның орын алған елінің маңызы жоқ, контекст маңызды. Адамдар туған қаласындағы және планетаның екінші бір бұрышындағы оқиғаларға бірдей дәрежеде тартылған. Миллениалдар әлеуметтік желідегі тұлғалар ретінде қалыптасты, мұнда шекара және ұлтқа бөліну жоқ, флешмоб Иллинойс штатында басталып, бүкіл Еуропа арқылы өтеді де Қытайда аяқталады. Осыдан келіп «игректердің» абсолютті толеранттылығы шығады, бұдан «әртүрлі = тең» деген дүниетаным көрініс табады. Әлеуметтік желілердегі профилдердің әртүрлілігі бізді ескеруге және қабылдауға үйретті.

Миллениалдар үшін басқалардан даралану қалыпты, өзімен өзі болу қалыпты және өз пікірін жеткізу қалыпты жағдай. NGS ең жоғарғы таңдау еркіндігіне ие бола отырып шығармашылық өзін-өзі көрсетуді ұстанады.

Иілгіштік – тиімділіктің серігі

Миллениалдар жұмысты өмірге бейімдегіштер, керісінше емес. Олар барлығын және бірден, осында және қазір алғысы келеді. Таңқаларлық табыстарға ұмтылу «игректерді» тәжірибелерге итермеледі: қолайлы кесте, аутсорс, интертәртіптілік. Кеңселік планктонның барлық осы жетістіктері Y ұрпағының бірбеткейлігі мен тапқырлығының арқасында мүмкін болды. Біз, NGS, оқушыларға бейімделгіштікті, вариативтілікті, ұшқырлықты, жұмыс процессі мен командалық жұмысты мектеп қабырғасынан бастап үйретеміз, себебі болашақта ешкім кеңсеге байланып қалмайды.

Миллениалдар кәсіби өсуді төменгі сатылардан бастап бірнеше жыл өсуді күтуге машықтанбаған. Сондықтан да «игректер» бірден бірнеше мамандықты игереді және бейіндердің толық пакетімен нарықты иемденіп алады («әлемді» - оқы).

Қазіргі заманғы отыз жастағылар – бұл үнді-көшпенділердің тайпасы, олар фуллтаймда қашықтықтан жұмыс жасайды, әлем бойынша технотөңкеріс игіліктерін жолсөмкесіне салып алып саяхат жасайды. Жұмыс поштасына тұрақты экспедициялар арқылы мұндай тартымды турне «жұмдемалыс» деп аталады және оның кәдімгі саяхаттан айырмашылығы сол, адамдар өздерін барлық must visit орындарды аралауға ұмтылатын туристер ретінде ұстамайды, ал жұмыс пен демалысты қатар алып жүре отыра жергілікті тұрғындар сияқты өмірден ләззат алады.

Бас бармақ буыны

Миллениалдар – жылдам көтермелеуді алуға бағытталған ұрпақ. Сондықтан да әлеуметтік желілерде кез-келген төңкерісті бас бармақтың көмегімен бір түймешені басу арқылы жасауға болады. Цифрлық әлем – бұл миллениалдардың өмір сүруінің әдеттегі ортасы. Тарих турасын айтқанда оң қолдың бас бармағымен жазылады: өйткені біздің «таптар» мен «свайптар» ескі жүйені бүлдіреді, жаңа трендтер береді, махаббатын кездестіреді, ал кей жағдайда – тұтастай крипто-жай-күйді майндайды. Y ұрпағының психологиялық коммуникациясының аса маңызды ерекшеліктерінің бірі – бұл коммуникация құралдарын пайдаланудағы көп міндеттілік: олар бір уақытта бірнеше адаммен чат арқылы хабарласып отыруы, басқа тақырыпты сайтты оқып отыруы, Твиттер мен блогтардағы жаңартуларды бақылап отыруы мүмкін.

Мәңгі жастық

Өзінің барлық технологиялылық пен зияткерлігімен қоса, миллениалдар үлкен өмірге өтуді соза түседі және #foreveryoung хэштегімен «35 is a new 18» манифестілейді. Бұл дегеніміз, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жас нормаларын ресми қайта қарағанын ескерсек таңқаларлық та емес: енді ресми түрде жастық шақ 44 жасқа дейін созылады.

Y ұрпағының өкілдері алдыңғы ұрпақтарға қарағанда ересек өмірге өтуді ұзақ мерзімге созуға бейім. Себебі, миллениалдар өз үйін сатып алуға аз ұмтылады, жұмысын жиі ауыстырады және көп саяхаттауды ұнатады. Жастық – жас мөлшері емес, жанның жай-күйі.

2.0 ата-аналары

Миллениалдар бүгінгі таңда планетадағы ата-аналар санының негізгі бөлігін құрап отыр. Бірақ олар өз ата-аналарының тәрбиесін ұстана ма немесе балаларды тәрбиелеудің жаңа қағидаларын қолдана ма деген сұрақ туындайды? Жауап нақты, бағдарламалық код сияқты: «ойыншылар» – бұл жаңа ұрпақ ата-аналары, демек, ата-аналыққа және білімге деген көзқарас толық өзгерді.

Бірінші ерекшелік – бұл ақпараттың қолжетімділігі. Егер барлық сұрақтарға жауапты – жаялықтан бастап мектеп бағдарламасына дейін – әжелер білетін болса, қазір оның орнын Google иеленді. Ақпараттар ағыны мен оның қайнар көздерінің саны, санауға мүмкін болатын мөлшерден асып кетті. Сондықтан балаларды дамыту бойынша әлемдегі ең танымал мамандардың бірі Оскар Бренифье балаларда сындарлы ойлауды дамытуды ұсынады. Сарапшы ата-аналар мен мұғалімдерге балаларға қойылған сұрақтарға «а бұл неге осылай» деп бірге жауап іздеуге кеңес береді. Ақпараттарды талдау және деректерді креативті интерпретациялау, материалды штудирлемеу – NGS оқуындағы негізгі көзқарастардың бірі.

2.0. ата-аналарының екінші ерекшелігі - бұл даралылық. «Игректер» шығармашылық дамуға ұмтылады. Бұл құндылықтарды олар өз балаларына береді. NGS командасы жеке жоспары бар бірегей білім бағдарламасын әзірледі және енгізді. Әрбір бала өз мүмкіндігін ашып, ақылды, мықты, айқын бола түсуі үшін. NGS жаңа ұрпақ білімі базалық және тереңдетілген пәндерді, сондай-ақ шығармашылық мүмкіндікті дамыту мен спорттық тәрбиелеуді қамтиды. Қосымша білім беру бөлімшесінде түрлі арт-студияларда және креативтік секцияларда «Design Thinking» курсынан бастап радиостудияға дейін таланттарды ашуға көмектесеміз, бұл дегеніміз оқушылар мамандық таңдау сәтіне дейін өздерінің күшті және әлсіз тұстарын біліп, өз мүмкіндіктерін жақсы қырынан қалай пайдалануға болатынын түсінеді деген сөз.

Миллениалдар – нағыз ашық, толерантты және еркін адамдардың бірінші буыны, олар алдыңғы генерацияның жүріс-тұрыстарын қайталамайды, өз жолдарын өздері қалыптастырады және талқылау мен максималды бөлісу арқылы ақиқатты табады.

Бұрын осы тақырып бойынша